Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЛАЛАР!» АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

petropavltv.kz

«НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЛАЛАР!» АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Полиция қызметкерлері жазғы демалыс қарсаңында мектеп оқушыларымен, олардың ата-аналарымен кездесті. Балалардың жарақаттануын болдырмау мақсатында жолда жүру ережелерін қайталап, сурет салу байқауын өткізді. Ал суреттер жүргізушілерге таратылды. "Назар аударыңыз, балалар!" атты кезекті алдын алу іс-шарасы № 23 қалалық орта мектеп базасында ұйымдастырылды. Полицейлер балаларға жол белгілері, бағдаршамның маңызы және жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтудің ережелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Оқушылар кездесуге жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу тақырыбында суреттерін де дайындап әкелген екен. Іс-шара барысында балалар арасында веложарыс ұйымдастырылып, үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға полицейлер жол әліппелерін, буклеттер мен жадынамаларды табыс етті. Сондай-ақ, балалар полицейлермен бірге "Южный" бақылау пунктіне барып, жүргізушілерге өз суреттерін таратты. Жалпы, 4 айда облыс жолдарында 64 ЖКО тіркелген. 14 адам қаза тауып, 92 адам жарақаттанған. "Назар аударыңыз, балалар!" акциясы 20 мамырға дейін жалғаспақ. БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: - Акция барысында велосипед жүргізу ережелеріне, мәнеріне баса назар аударылды. Балаларға жаяу жүргіншілер өткелінен өту кезінде, бағдаршамның жасыл түсінен өтер кезде велосипедтен түсіп, оны қолға ұстап өту қажет екенін еске саламыз. Өйткені автокөлік жүргізушілері велосипедшілер мен самокат мініп келе жатқан жүргізушілерді көрмей, көлік тежегішін уақтылы баса алмай қалуы мүмкін. Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында балалардың қатысуымен 4 жол-көлік оқиғасы орын алып, 5 бала жарақаттар алды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024