Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМ ЖАСАУ 73 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

petropavltv.kz

ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМ ЖАСАУ 73 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

Елімізде халықтың қолма-қол ақшасыз төлем жасау операцияларының көлемі 73 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Ұлттық банктің 2021 жылғы жұмысы туралы есебін тыңдауға арналған кеңесте айтылды. Сондай-ақ, депозиттерді доллармен салу деңгейі 36 пайызға төмендесе, мемлекеттік құнды қағаздағы нарықтық инвесторлардың үлесі 69,2 пайызға көбейген. Президент Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, Инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі 3 жылға арналған кешенді шаралардың толыққанды жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Жиында Ұлттық қордың инвестициялық кірісін арттыру, активтерді тиімді басқару, алтынвалюта резервтерінің өтімділігі мен сақталуын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 мамыр 2024