Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өзімен өзі сөйлеседі, ешкімді танымайды: Ақтауда төрт күн бұрын әскерге сау аттанған сарбаз есінен адасқан

kaz.caravan.kz

Өзімен өзі сөйлеседі, ешкімді танымайды: Ақтауда төрт күн бұрын әскерге сау аттанған сарбаз есінен адасқан

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Әлі әскери ант қабылдап үлгермеген сарбаз қазір дәрігерлердің бақылауында. Оған нақты не болғанына әскери бөлімдегілер де айта алмай отыр. - Міне, жатқанына бір сағат болды. Сілкініп жатыр. Сілкініпжұлқынып, тыныш жата алмай жатыр... Бұл кеше түнде Талғат Айтмұхановтың туыстарының ауруханада түсірген видеосы. Отан алдындағы борышын өтеуге сап-сау аттанған бала қазір ешкімді танымайды. Өзімен-өзі сөйлесіп, сұрақ қойсаң, кібіртіктеп әзер жауап береді. Талғат Айтмұханов, сарбаз: - Ұрды ма, сізді, иә. Дәл мына жерде жүрген. Мынау да жүрді ғой. Алдыға, артқа жүрді. Мына УАЗ. Қай жеріңнен ұрды? Қай жеріңе тиді? - Арқамнан, мойнымнан тиді. 19 жастағы жігіт Ақтаудан 400 шақырым жердегі Бейнеу ауданының тумасы. Сарбаздың әкесі ұлын әскерге алып кеткенін де білмей қалдым деп отыр. Айтуынша, ауылдың әскери бөлімшесіндегілер Талғатты «үш күннен кейін қайта келесің» деп алдап, алып кеткен. Алайда бала ауылға оралмай, Қарақия ауданындағы әскери бөлімнен бір-ақ шықты. Оралда оқитын 1-курс студенті оқуын да әлі аяқтамаған көрінеді. Мақсат Сәрсенбаев, Т. Айтмұхановтың әкесі: - Дым жақсы еді жүретін. Біздерге кеше сағат он бірде:» Балаң есін білмейді, тегін білмейді» деп телефонмен хабарласты. Кеше, 14-і күні әскерге келген бала. 11-мамыр күні үйден сағат 15:00 алып кеткен. Әскери комиссариат келіп, екеуі екі жағынан өздері медтексеруден өткізіп, сол күні кешке алдап, алып кеткен. «Үш күннен Бейнеуге келесің» деген. Бірақ енді баланы танымай отырмын. Ақыл-есінен адасқан сарбазды әскерилер ата-анасы келгенше дәрігердің қолына тапсырған. Бірақ ақ халаттылар «бәрі жақсы» деп шығарып берген. Алайда ұлының денсаулығына алаңдаған әке дәрігерлерге қайта тексертіп жатыр. «Туған-туысын танымаған баланы дәрігерлердің «сау» деп шығаруы күмәнді», - дейді. Ал әскерилер сарбазды ешкім ұрып-соққан жоқ деп ақталуда. Жәнібек Кұранбеков, 25744 әскери бөлім командирінің орынбасары: - Жас жігіт медициналық тексеруден өтуге облыстық ауруханаға жеткізілді. Тексеру нәтижесінде МРТ, мидың КТ және маманның кеңесі дене жарақаттары мен қауіпті патологиясы анықталған жоқ. Оған және туыстарына азаматтың басқа гарнизонға бармайақ, Ақтау қаласында қызмет өткеретіні мәлім болған. Бұдан кейін әскерге шақырылушы ретінде Айтмұханов Қарулы күштердің қатарында борышын өтеуге өтініш білдірді. Медициналық тексеруден өткенде денсаулығына ешқандай шағым болған жоқ. Талғат Айтмұхановтың әскерге сап-сау болып келгенін әскери бөлімдегілер де растап отыр. Алайда төрт күннен кейін сандырақтап есінен адасқаны бәріне жұмбақ. Қазір сарбаз псиохологтың тексеруінен өтіп жатыр. Оның ары қарай Отан алдындағы борышын өтеу, не өтемеуі мамандардың қорытындысына байланысты.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024