Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев Қаңтар оқиғасынан кейін шамамен бес ай өткен соң ҰҚК-ны реформалау туралы жарлыққа қол қойды

azattyq.org

Тоқаев Қаңтар оқиғасынан кейін шамамен бес ай өткен соң ҰҚК-ны реформалау туралы жарлыққа қол қойды

20 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жөнінде комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. Оған сәйкес, президенттің 15 жарлығына түзетулер енгізілген."ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылды" деп жазылған ведомство хабарламасында.Қаңтар оқиғасы кезінде елде ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов "мемлекетке опасыздық жасады" деген күдікпен ұсталғаннан соң бірнеше күннен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ведомствоның "қызмет форматын өзгертуді" тапсырған.Ол наурыз айында халыққа жолдауында Қаңтар оқиғасы кезінде "мемлекетке опасыздық жасаған жоғары лауазым иелері арасында әскери және арнаулы органдар басшылары болғанын, олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтіріп, аемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат бергенін айтқан.ҰҚК-ны реформалау туралы жарлық Ақорда сайтында жарияланған жоқ. Нормативтік-құқықтық актілер жарияланатын порталда да жарияланбаған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024