Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сепаратистік "ДХР" соты шетелдің Украина жағында соғысқан тағы да бес азаматын соттамақшы

azattyq.org

Сепаратистік ДХР соты шетелдің Украина жағында соғысқан тағы да бес азаматын соттамақшы

Украина жеріндегі сепаратистік "ДХР" құрылымының соты 15 тамызда Украина жағында ұрыс қимылдарына қатысқаны үшін шетелдің тағы да бес азаматын сотқа тартты.Швеция, Хорватия және Ұлыбритания азаматтары — Матиас Густавссон, Векослав Пребег және Джон Хардингке "жалдамалы жауынгер ретінде әскери қимылдарға қатысты және билікті күшпен басып алуға үйретті" деген айып таққан.Ұлыбританияның тағы екі азаматы – Эндрю Хилл мен Дилан Хиллды "ұрыс қимылдарына қатысты, жалдамалылар қатарына шақырды" деп айыптаған. Соттың келесі отырысы қазан айында болады.Биыл маусымда Ұлыбританияның екі азаматы мен Марокко азаматын сепаратистік "ДХР" соты өлім жазасына кескен.Ресей, Солтүстік Корея мен Сириядан өзге еш мемлекет "ДХР" тәуелсіздігін мойындаған емес, сол себепті оның соты шешімінің де күші жоқ.АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен твиттеріне "Жасанды сот үкімдеріне алаңдап отырмыз. Ресей мен оның бақылауындағы күштерді халықаралық гуманитарлық құқықты құрметттеуге шақырамыз" деп жазды. Германия сыртқы істер министрлігі бұл пікірді қолдап, "ДХР" сотының үкімдері Ресейдің халықаралық гуманитарлық құқықтың қарапайым қағидаларының өзін кезекті рет таптап отырғанын көрсетеді" деп мәлімдеді.Премьер-министр Борис Джонсон баспасөз хатшысының сөзінше, Ұлыбритания өз азаматтарын бостандыққа шығаруға әрекеттенеді, бірақ Ресеймен емес, Украинамен келіссөз жүргізеді. Әзірге дипломатиялық әрекеттерден нәтиже жоқ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар