Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

БҚО-да жел аудандық сот ғимаратының шатырын ұшырып әкетті

inform.kz

БҚО-да жел аудандық сот ғимаратының шатырын ұшырып әкетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 11.30-да Жәнібек ауданы орталығы Жәнібек ауылында болды. «Екпіні секундына 19 метрге дейін жеткен желдің салдарынан қос қабатты аудандық сот ғимаратының 200 шаршы метр шатыры сыпырылып түсті. 1975 жылы салынған ғимараттың жалпы ауданы - 200 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады ведомстводан. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда сіріңкемен ойнап жүрген 7 жасар қыздың күйіп қалғанын жазған болатынбыз.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар