Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбеде нан бағасы қымбаттамайды - әкімдік

inform.kz

Ақтөбеде нан бағасы қымбаттамайды - әкімдік

Әлеуметтік азық-түлік тізіміне енген 32 түрлі өнімнің 24-і Ақтөбенің өзінде шығарылады. Тек қарақұмық жармасы, күріш, қант, тұз, сарымсақ, бұрыш, алма, балық өзге өңірлерден, ішінара импорт есебінен жеткізіледі. Өңірді өзіндік өніммен қамтамасыз ету мақсатында 2022-2026 жылдарға арналған 77 ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ. Құны - 272,8 млрд теңге. Айта кетейік, облыста бір ғана ірі кәсіпорны өсімдік майын шығарады. Екі жыл бұрын жаңа серіктестік іске қосылды. Жылдық қуаттылығы - 68 мың тонна. Облыс тұрғындарын ет және сүт өнімдері, көкөніс, сондай-ақ басқа да өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында қыркүйек айынан бастап жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы жәрменкесі өткізіледі. Сондай-ақ облыста тұрақтандыру қоры жасақталады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024