Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Тәңір қызы» - Франциямен бірлескен фильм Маңғыстау өңірінде түсіріледі

inform.kz

«Тәңір қызы» - Франциямен бірлескен фильм Маңғыстау өңірінде түсіріледі

Қысқаметражды арт-фильмнің идеясы – кең байтақ қазақ даласында ертеде тараған тәңіршілдік наным-сенімін және әйел адамның қоғамдағы орнын көрсетуге бағытталған. «Фильм түсірілімі Маңғыстау облысында 21 тамызда басталып, бір аптаға созылады. Осыған дейін түсірілген «Киелі би» фильмінің түсірілімі де киелі өлкеде өткен еді. Екінші жобамызды да бірінші жобадағы командамен бастап отырмыз. Фильм операторы Александр Мерфи де Маңғыстау өлкесі табиғатының сұлулығы қайталанбас, бірегей екенін айтып, таңғалды. Әлемнің біраз елін аралаған адамнан мұндай баға алу – мен үшін мақтаныш», - деді Дана Муса. Фильм – Қазақстан мен Францияның бірлескен жұмысы. Онда қарт бақсының өз қасиетін кейінгі ұрпаққа мұраға қалдыру жайы көрсетіледі. Бойында күш-қуатын жоғалтқан қария өзінің салттық биін жас қызға береді. Осылайша, ол қыз рудың тарихын жалғастыра алады, ата-баба рухтарымен байланыста болады. Франция продюсері Себастьян Лаглездің айтуынша, фильмнің ұзақтығы 15-20 минут. Дайын фильм 2023 жылдың көктемінде қалың көрерменге жол тартады. Қысқаметражды арт-фильм би саласындағы конкурстық кинофестивальдермен қатар, музейде де ерекше лайф-перформанс нұсқада көрсетілмек. Фото: i.4pcdn.org
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024