Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Екібастұздағы жағдай: Қалаға Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері аттанды

inform.kz

Екібастұздағы жағдай: Қалаға Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері аттанды

Олар Екібастұзда орналасқан сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департамент мамандарымен, білім басқармасының қызметкерлерімен бірге балаларға барлық қажетті көмек көрсету, оқу үрдісін онлайн форматта ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді. «Екібастұз қаласындағы қолдау орталығы мен Жасөспірімдер үйінен эвакуацияланған балалар жас ерекшеліктеріне қарай «Бөбек» және «Балдәурен» немесе «Жас дәурен» оқу-сауықтыру лагерьлеріне жіберіледі. Онда балалар жағдай тұрақталғанша білім алып, сауықтырудан өтеді. Сондай-ақ бос уақытты тиімді өткізу үшін іс-шаралар ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта балалар Павлодарда»,-ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Осыған дейін Екібастұздің жылу жүйесіндегі апат салдарынан оқушылар онлайн режимінде оқитынын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Екібастұз қаласының әкімі қазіргі уақытта Екібастұз жылу электр орталығындағы ахуал тұрақтанғанын хабарлады. «Үш су ысытатын және екі энергетикалық қазандық штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тағы бір су ысытатын қазандықты пайдалануға беру үшін қажетті іс-шаралар қабылданып жатыр»,-деді әкім.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024