Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Футзалдан Чемпиондар лигасы финалдық сатысына шыққан командалар анықталды

inform.kz

Футзалдан Чемпиондар лигасы финалдық сатысына шыққан командалар анықталды

Мұндай мүмкіндікке Португалияның «Бенфика» және «Спортинг», Испанияның «Пальма» және Бельгияның «Андерлехт» командалары ие болды. «Төрттіктің финалы» 2023 жылдың 4/5 және 6/7 мамыр күндері өткізіледі. Аталған турнирдің ойын кестесі мен өтетін орны кейін анықталады. Еске салсақ, алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық сатысында Мальтаның «Люксол Сент-Эндрюс» клубымен 0:0 есебімен тең түссе, одан кейін Чехияның «Хрудим» мен Португалияның «Бенфика» командаларына 1:2 есебімен жол берді. Аталған топтан «Бенфика» турнирдің финалдық сатысына жолдама алды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024