Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өскеменде аязға байланысты 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды

inform.kz

Өскеменде аязға байланысты 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, дәл қазір Өскеменде ауа температурасы 34 градусқа дейін төмендеген. Соған орай қалалық Білім бөлімі таңертең оқушылардың мектепте бармайтындығын хабарлады. «Қала бойынша бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары сабақта онлайн оқиды. Екінші ауысымның қалай оқитыны кейінірек хабарланады», - делінген ақпаратта. Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының дерегінше, 28 қарашада облыстың солтүстік-шығысында сынап бағаны 42 градусқа дейін төмендейді. Айта кетейік, 28 қараша күні Астана мектептерінің бірінші ауысымының оқушылары да қашықтан оқиды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024