Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда қазақ ономастикасының негізін салушы Телғожа Жанұзақтың 95 жылдығына арналған конференция өтеді

almaty-akshamy.kz

Алматыда қазақ ономастикасының негізін салушы Телғожа Жанұзақтың 95 жылдығына арналған конференция өтеді

ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, қазақ ономастикасының негізін салушы Телғожа Сейдінұлы Жанұзақтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық ономастика феномені: ел тарихы, жер тағдыры» атты тілтанымдық мектеп алаңы аясындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Шара 8 желтоқсан сағат 10.00-ге жоспарланған. Шара аясында ғалымның тілтанымдық мұрасы, түркітанудағы ономастика ғылымы, ұлттық ономастиканың өзекті мәселелері, қазақ ономастикасының жаңа бағыттары, Ұлттық ономастиканың лингвомәдениеттанымдық және ортологиялық мәселелері бойынша белгілі тілші ғалымдар баяндама жасайды, Телғожа Жанұзақтың ғылыми еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылады. Телғожа Жанұзақ қазақ ономастика ғылымының негізін салған, сонымен қатар тіл білімінің лексикография, терминология, орфография, статлингвистика, аударма мәселелерімен шұғылданған. Ғалым осы уақытқа дейін ономастика ғылымы бойынша монографиялар жазып, мақалалар жариялап келеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024