Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Қазақстанның үздік тауары": Жеңімпаз кәсіпорындар марапатталды

almaty-akshamy.kz

Қазақстанның үздік тауары:  Жеңімпаз кәсіпорындар марапатталды

Астанада "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап. Осы жылдың қорытындысы бойынша "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар" аталымы бойынша "KazTigerTape" ЖШС жеңімпаз деп танылды. Бұл кәсіпорын скотч, жапсырма ленталарды өндірумен айналысады. Жеңіске жеткен кәсіпорындар арасында телекоммуникация және электр энергетикасы желілеріне кабель өндіретін "Kazcentrelectroprovod" ЖШС, жол салу, кәріз желісін салуға арналған темірбетон бұйымдарын шығаратын "Сапа Су" ЖШС да бар. "Халыққа арналған үздік тауарлар" номинациясы бойынша үздіктер – "Семирамида" тігін фабрикасының әйелдерге арналған күзгі-қысқы сырт киім топтамасы, "Адили текстиль" ЖШС матадан тігілген дастархандары, "Эдем" брендімен "Хабибулла-ата" жеке кәсіпкерлігі шығаратын жиһаз. "Үздік азық-түлік тауарлары" аталымында "Зенченко және компания" коммандиттік серіктестігі, сүт өңдеу және сүт өнімдерін шығаратын "AYKAN" ЖШС, тауық етін өндірумен айналысатын "ECO-Chicken" ӘКК жеңіске жетті.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар