Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Үкіметте кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару туралы айтылды

baq.kz

 Үкіметте кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару туралы айтылды

Қатысушылар теміржол тасымалында өндірістік процестің ажырамас бөлігі болып табылатын кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару шараларын талқылады. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты жазды.Премьер-Министр мүдделі мемлекеттік органдарға осы бағыттағы белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды. Отырыс барысында бірқатар жеке компаниялардың меншік иелерінен 145 кірме теміржолын республика меншігіне беру туралы ұсыныстар келіп түскені айтылды.Үкімет басшысы осы шараларды іске асыру үшін барлық қажетті рәсімдерді жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар комиссия мүшелері мұнай-газ саласының кейбір инфрақұрылымдық объектілерін мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі жұмыстың барысын қарады. Отырысты қорытындылай келе, Әлихан Смайылов жақын арада нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қаралған барлық мәселелер бойынша рәсімдерді жеделдетуді тапсырды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024