Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ЖСДП мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысатынын мәлімдеді

azattyq.org

ЖСДП мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысатынын мәлімдеді

Өзін елдегі жалғыз "оппозициялық партия" деп атайтын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) 2 ақпанда партияның 20-съезі кезінде мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысу туралы шешім қабылдады. Съезд кезінде партия мүшелері "Аманат" партиясын өздерінің басты қарсыласы санайтынын айтты."Қазақстан маңызды трансформацияларды бастан өткеріп жатыр. Халық үшін маңызды кезеңде елдегі жалғыз оппозициялық партия ретінде шет қала алмаймыз" деді партия жетекшісі Асхат Рахымжанов.Жиында мәжіліс сайлауына партиялық тізім бойынша – 19 адам, мажоритарлық жүйе бойынша алты адам қатысатыны белгілі болды. Ал партияның мәслихат тізімі дайын емес болып шықты.Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 2006 жылы құрылған, 2007 жылы ресми тіркеуден өткен.ЖСДП 2021 жылы парламент сайлауына "бойкот" жариялап, қатыспаған. Сыншылар "тіркелгеніне көп жыл болса да, белсенділігі төмен" партияны биліктен басқарылады деп санайды. Партия өкілдері мұны жоққа шығарады.Былтыр партия атынан кезектен тыс президент сайлауына Нұрлан Әуесбаев қатысқан. Ол сайлауда 2,17% дауыс жинаған.2016 жылы парламент сайлауына қатысқан ЖСДП ресми мәлімет бойынша, сайлаушылардың 1,18 пайыз дауысын алып, мәжіліске өтпей қалған еді. Сайлау заңына енген өзгерістерге сәйкес, сайлаушылар дауысының кемінде 5 пайызын (бұрын 7 пайыз болған) жинаған партиялар ғана мәжіліске өте алады. Елде парламенттегі негізгі орынды "Аманат" партиясы иеленіп келеді.Қазақстанда мәжіліс (парламенттің төменгі палатасы) пен мәслихат сайлауы 19 наурызда өтеді.20 қаңтарда басталған кандидаттарды ұсыну кезеңі 8 ақпанда аяқталады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024