Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бірнеше аймақта су тасқыны қаупі жоғары - Қазгидромет

baq.kz

 Бірнеше аймақта су тасқыны қаупі жоғары - Қазгидромет

Су тасқыны бойынша негізгі болжам 2023 жылдың наурыз айында жасалатын болады. Ақпан айында температуралық фон жоғарылап, қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде еріген қар және жаңбыр суының ауқымды тасқыны орын алуы мүмкін. Алайда, қыс жалғасуда және соған сәйкес қардың жинақталу кезеңі де жалғасуда (көпжылдық бақылауларға сәйкес, көктемалды кезеңде тәулік ішінде бір айлық мөлшердегі жауын-шашын жаууы мүмкін), - делінген ақпаратта. Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында топырақтың қату тереңдігі өткен жылғы көрсеткіштерден орта есеппен 3 см-ден 84 см-ге дейін артық. Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда орта есеппен 7 см-ден 40 см-ге дейін кем. Қазақстанның жазықтағы өзендері бассейнінде жиналған қар жамылғысындағы судың қоры айтарлықтай әркелкілігімен сипатталады, нақтырақ айтсақ, ол Ақмола, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында орташа көпжылдық мәннен төмен, ал Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында орташа көпжылдық мәннің шегінде, - деп хабарлады Қазгидромет. Консультативтік синоптикалық ауа-райы болжамына сәйкес, 2023 жылдың ақпан айында ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы нормаға жуық, ал республиканың оңтүстік және шығыс өңірлерінде негізінен жылы және жауын-шашынды болады деп күтілуде.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024