Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Тальго» жолаушылар пойызына тексеру күшейтіледі

almaty-akshamy.kz

«Тальго» жолаушылар пойызына тексеру күшейтіледі

«Тальго» жолаушылар пойыздарына профилактикалық және бақылау тексерулері күшейтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Наурыз айынан жолаушылар пойыздарына тексеру жұмыстарын жүргізу жылжымалы құрам жасақталатын пункттерден басталады. Кейінгі 3 жылда жолаушылар тасымалдайтын Patentes Talgo S.L. жүрдек пойыздарында техникалық вагондардың өртенуіне қатысты 3 жағдай тіркелді Келеңсіз оқиғалардың орын алуына жылжымалы құрам иелерінің өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп болған. 2022 жылы ҚР ИИДМ Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері өрт қауіпсіздігінің талаптарына байланысты 100-ден артық бұзушылықты анықтап, 2 млн теңгеден аса қаражатқа әкімшілік айыппұл салған. Биыл наурыздан бастап жолаушылар пойыздарына тексеру жұмыстарын жүргізу жылжымалы құрам жасақталатын пункттерде жүзеге асырылып, бұл ақауы бар вагондардың рейске шығуын алдын алады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024