Сайлауға дайындық жақсы - ЕҚЫҰ өкілі
Әкімшілік кедергілер сайлау науқанына кедергілер келтіруде. Әсіресе өзін-өзі ұсынған кандидаттарға тізімнен алып тастау сынды кедергі болды. Сыни репортаждардың аздығын атап өткім келеді. Сайлауға дайындық жақсы. Әйелдер саны әлі де сайлау науқанында аз. Олардың үлесі - 29 пайыз. 20 пайызы - мажоритарлық жүйе бойынша кандидат болған. Келешекте олардың саны артады деп сенемін, - деп атап өтті халықаралық ұйымның Парламенттік ассамблеясының вице-президенті. Айтуынша, әлі де болса шектеулер бар. Олар әсіресе дестриктивті-нормативтік құқықтық базаға байланысты. Сонымен қатар сыни репортаждар, шолулар, саяси аналитикалық материалдар аз. Реформа деген бір күнде, тез жүзеге асыратын шаруа емес. Ол нақты күш-жігерді талап етеді. Биліктің де, азамат қоғамның да, сондай-ақ ЕҚЫҰ тарапынан да қолдауды қажет етеді. Әрбір адамның негізгі бостандығын қорғауға назар аудару керек. Қорытындылау кезінде кемшіліктер болды. Мәселен, бюллетеньді жәшікке салған сайлаушылар мен ресми тіркелгендер арасында алшақтық байқалды, - деді Ирине Хараламбес.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
26 сәуір 2024
26 сәуір 2024
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар