Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әлеужеліде әр түрлі пікір бар

almaty-akshamy.kz

Әлеужеліде әр түрлі пікір бар

Әлеуметтік желіде халықтың сұрақтарына жауап беріп отыратын дін қызметкерлері туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазір TikTok-та тікелей эфирде отыратын имамдар танымал. Кейде қиыс кетіп жатса, бірін-бірі түзеп жатады. Осы ұстаздардың бәрін діни басқарма бақылай ма?», - деп сұрады жүргізуші.

«Қазір білікті ұстаздарымыз, ғалымдарымыз көбейіп келеді. Кейде иә, шатасып та жатады. Бірақ шариғатта бұл шатасуға болады деген сөз емес. Осыны ұмытпау керек. Діни басқарма әр кезде де мұны имамдарға, ұстаздарға ескертіп отырады. «Байқаңыздар, асығыстық жасамаңыздар, білетін дүниені айтыңыздар. Білмейтін болсаңыз, кейінге қалдырып, анықтап барып айтыңыздар» деп ескертіп отырамыз. Халыққа Алланың Құранын қате айтсақ, ол Құдайдың аманатына қиянат қылғанымыз. Пайғамбар сүннетін де қате айтпау керек. Ең дұрысы – білмегеніңді білмеймін, анықтап, кейін айтып берейін деу», - деп айтты Наурызбай Тағанұлы.

Оның сөзінше, имамдар діни басқармаға шақырылып, оларға насихат жүргізіледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024