Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырау облысында 14 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

baq.kz

 Атырау облысында 14 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Құрманғазы ауданының прокуратурасы мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметіне талдау жүргізді. Талдау қорытындысымен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес құзыреттілік талаптарына сай келмейтін өнім берушілерді жеңімпаз деп тану, нақты тауардың атауының маркасын көрсету, тауарларды жеткізудің қысқа мерзімін айқындау фактілері анықталды.

Мәселен, тапсырыс беруші «Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ атынан мердігерлерге алдын ала сатып алынатын тауарлардың маркасы, атауы туралы мәліметтер берілген. Бірқатар білім беру ұйымдары қойылған талаптарға сәйкес келмейтін қызмет көрсететін кәсіпкерлерді заңсыз жеңімпаз деп таныған. Прокурорлық ден қою шараларымен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзған мемлекеттік мекемелердің 11 басшысына 1,7 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды. Ал 14 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024