Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Көлік-логистика саласымен айналысатын америкалық Wabtec компаниясы Қазақстанда инженерлік орталық ашуды қарастырады

kz.kursiv.media

Көлік-логистика саласымен айналысатын америкалық Wabtec компаниясы Қазақстанда инженерлік орталық ашуды қарастырады

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Вашингтонға сапары аясында АҚШ Сауда өкілі Кэтрин Таймен келіссөз жүргізді. Кездеуде Қазақстанда Wabtec компаниясының инженерлік орталығын ашу талқыланы. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұрат Нұртілеу Қазақстан АҚШ-тың сенімді сауда серіктесі екенін атап өтті. Министр америкалық Сауда өкілін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Сапар барысында ҚР СІМ басшысы америкалық Wabtec компаниясының басшылығымен кездесті.

«Кездесуде көлік және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, Қазақстанда компанияның инженерлік орталығын ашу туралы сөйлесті. Сондай-ақ «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге жұмыс тәжірибесін ұсыну перспективалары талқыланды», – делінген хабарламада.

Wabtec (Westinghouse Air Brake Technologies Corporation) компаниясы Fortune 500 тізіміне кіреді. Ол көлік-логистика саласындағы жаһандық көшбасшылардың бірі саналады. Әлемнің 50-ден астам елінде компанияның филиалдары бар және онда 27 мыңнан аса адам жұмыс істейді.

2023 жылдың қыркүйек айында Wabtec Қазақстандағы көлік-логистика саласына шамамен $1 млрд инвестиция салатынын хабарлады. 2019 жылы компания GE Transportation сатып алды. GE Transportation 2017 жылдан бастап ЛКЗ акцияларының 50% иеленген болатын.

2023 жылы Wabtec 9,7 миллиард доллар кіріс алды (бір жылдағы өсім 15,7%). Таза пайда 825 миллион долларды құрады (бір жылдағы өсім 28,7%).

Бұған дейін АҚШ-тың Wabtec компаниясы Қазақстандағы дизельді локомотивтердің жалғыз өндірушісі – «Локомотив құрастыру зауыты» бірлескен кәсіпорнының қалған 50% акциясын сатып алғанын жаздық.

Қазір шетелдік компания Астанадағы зауыттың толыққанды иесі. Айта кетейік, 2022 жылдың қыркүйек айына дейін үлестің 50%-ы ресейлік «Трансмашхолдинг» компаниясына тиесілі болған.

Еске сала кетсек, былтыр АҚШ-тың Wabtec компаниясы Қазақстанның көлік-логистика саласына 1 млрд доллар инвестиция салады деп хабарладық.

АҚШ-тың Fortune 500 тізіміне кіретін Wabtec компаниясы Қазақстанның көлік-логистика саласына 1 млрд доллар салады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары барысында Wabtec компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантананы қабылдаған. Кездесуде Қазақстанның теміржол саласын жаңғырту аясында Wabtec компаниясымен арадағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Рафаэль Сантана Тоқаевқа Қазақстанда сутегі технологиясын қолданатын локомотивтер мен олардың қосалқы бөлшектерінің өндірісін іске қосу, инжиринг орталығы мен технологиялық трансфертті ұйымдастыру үшін пысықталып жатқан инвестициялық жобалар туралы мәлімет берген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024