Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда көп қабатты тұрғын үй салуға заңсыз берілген саябақ аумағы мемлекетке қайтарылды

kz.kursiv.media

Алматыда көп қабатты тұрғын үй салуға заңсыз берілген саябақ аумағы мемлекетке қайтарылды

Алматыда 17 жыл бұрын заңды тұлғаға жекеменшікке беріліп кеткен саябақ учаскесі қайтарылды. Жер телімі заңсыз берілген. Заңды тұлға бұл жерге көпқабатты тұрғын үй салмақ болған.

«2007 жылы жергілікті атқарушы орган Алматы қаласының Бас жоспардың ережелерін және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын елемей, заңды тұлғаға саябақ аймағы қарастырылған учаскеге жеке меншік құқығын берген», – деп жазылған Алматы қаласы прокуратурасы хабарламасында.

Қалалық прокуратураның хабарлауынша, бұл жерге 2,3 млрд теңге өтемақы төленіп, мемлекетке қайтарылған.

Сонымен қатар прокуратура қадағалау актісін орындау үшін Алматы қаласы әкімінің қаулысын және одан кейінгі азаматтық-құқықтық мәмілелерді заңсыз деп тану туралы талап арыз берген. 26 наурызда апелляциялық сатыдағы сот талаптарды толық қанағаттандырды.

Бұған дейін депутат Бақытжан Базарбек Алматыда лай көшкінінен жартылай қираған «Сакура Вилладж» тұрғын үй кешені орналасқан жер телімінің нысаналы мақсаты заңсыз өзгертілгенін мәлімдеген.

«Алматы қаласы жер комиссиясының 2015 жылғы 29 қаңтардағы қорытындысы негізінде нысаналы мақсаты «Бау-бақша өсіру үшін» өзгертілген жер телімі Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 2/200-1464 қаулысымен «блокталған тұрғын үй ғимаратын» қолдану мен қызмет көрсетуге ауыстырылады», – деді депутат.

Оның айтуынша, жер-кадастрлық іс материалында Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы хатында көрсетілген жер телімінде көшелердің ішінара қызыл сызыққа орналасқаны туралы хат бар. Жер телімі толығымен тектоникалық бұзылыста. Терісбұлақ өзенінің су қорғау аймағында, көшкін болуы мүмкін жартасқа жақын беткейде орналасқан. Осыған қарамастан, жер телімінің нысаланы мақсаты өзгертіліп, заңға қайшы әрекет жасалған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 сәуір 2024