Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 100 үйдің құрылыс басталды

kz.kursiv.media

Солтүстік Қазақстан облысында  су тасқынынан зардап шеккендерге 100 үйдің құрылыс басталды

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 100 жаңа үйдің құрылысы басталды. Бұл үйлер KAZ Minerals, Kazakhmys Holding және Kaspi.kz сынды компаниялар бөлген қаражатқа салынады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған компаниялар су тасқынынан зардап шеккендерге 60 млрд теңгеге дейін қаражат бөлген, соның басым бөлігі Солтүстік Қазақстан облысына бағытталады.

Су тасқыны басталғалы облыста 3898 үйді су басқан. Саяжай аумағында 6597 учаске зардап шеккен. Облыс әкімдігінің мәліметінше, су басқан тұрғын үйлердің 40%-ға жуығы одан әрі тұруға жарамсыз болуы мүмкін.

Солнечное-2 ауылында 100 үйдің құрылысы басталып кеткен. Оған 10 мердігерлік ұйым жұмылдырылған. Баспананы жаздың ортасына дейін аяқтауға мүмкіндік беретін қажетті инженерлік инфрақұрылым мен коммуникациялар бар.

Сондай-ақ облыс әкімдігіне екі апта ішінде тұрғын үйлерді бағалап, оларды қалпына келтіру жұмыстарын бастау тапсырылды.

ТЖМ соңғы мәліметі бойынша, су тасқыны болған облыстарда 36745 адам өз үйіне оралған. 6909 адам эвакуациялау пункттерінде орналастырылған. Су тасқыны басталғалы бері 119 220 адам, оның ішінде 44 776 бала эвакуацияланды. 6148 тұрғын үй мен 2794 аула аумағынан су бұрылып, тазаланған.

Су тасқыны салдарынан қираған үйлерді қайта салуға мемлекет бюджеттен әр үй үшін 22 млн теңге бөледі. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев әкімдіктер өңірлердегі қираған үйлерді санап, жаңадан қанша үй салу керек екендігін есептеп шыққан сәтте зардап шеккендерге көмек беру басталады деген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 мамыр 2024