Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кәсіпкердің құқығын қорғау – прокуратураның басым бағыттарының бірі

almaty-akshamy.kz

Кәсіпкердің құқығын қорғау – прокуратураның басым бағыттарының бірі

Кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі. Қазіргі жағдайда мемлекеттік органдардың негізгі міндеті – бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Осыған байланысты мемлекеттік органдардың, оның ішінде прокуратураның жұмысы бизнес үшін келеңсіз салдарлар туындатпау мақсатында мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінің жолын алдын ала кесуге бағытталған.

Осы мақсаттар үшін келесі бағыттар бойынша кәсіпкерлерді қорғаудың және бизнесті дамытудың тиімді бағыттары әзірленді:

- бақылау және қадағалау органдарының бизнеске қысымын төмендету;

- қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізуде кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

- бизнесті дамытудағы әкімшілік кедергілерді жою.

Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес (бұдан әрі – Конституциялық заң), Прокуратура құқық қорғау жүйесінің өзегі бола отырып, адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде қорғау, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықты нығайту мақсатында келесі міндеттерді жүзеге асырады:

1) адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;

2) заңдылықтың бұзылуын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарын анықтау және жою;

3) құқық қорғау, арнаулы және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру;

4) заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

Конституциялық заңының 5-бабына сәйкес, ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет Бас прокуратураның ведомствосы болып табылады.

Конституциялық заңының 11-бабын 1-тармағына сәйкес, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет:

1) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу;

2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi беретiн мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәлiметтерiнiң тұтастығына, объективтiлiгiне, анықтығына, жеткiлiктiлiгiне қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы саладағы ақпаратты жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жиынтықтау және сақтау әдiстемесiн белгiлейдi;

3) қылмыстық істерді тергеп-тексеру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу, тексерістер тағайындау туралы актілерді есепке алу және тіркеу процестеріне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 6 бабы 6,12-1 тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеуді жүзеге асырады және (немесе) есепке алуды жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеуді және есепке алуды үйлестіреді.

2023 жылдың 12 айында бақылау және қадағалау органдарымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде (бұдан әрі - Комитеттің Алматы қаласы бойынша департаменті) тексерулер мен профилактикалық бақылауды тағайындау бойынша 9 664 акт (8 780 тексеру және 884 профилактикалық бақылау) тіркелді, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулер мен профилактикалық бақылауды тағайындау бойынша 6 202 акт (5 821 тексеру және 381 профилактикалық бақылау).

Сонымен қатар, Заңның 7 бабы 1 бөлігіне сәйкес, Уәкiлеттi орган өз өкілеттiктерi шегiнде уәкілетті органда тіркеуге жататын тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, мемлекеттік бақылаудың, сондай-ақ қадағалаудың басқа да нысандарын тағайындау кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайларда, оларды тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тартуға құқылы.

Сонымен, 2023 жылдың 12 айында, тексерілетін субъектілердің құқықтарын бақылау және қадағалау органдарының заңсыз араласуынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, Комитеттің Алматы қаласы бойынша департаменті 34 тексеру бойынша актілерді тіркеуден бас тарту құқығын пайдаланды, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 23 тексерулер бойынша.

Сонымен қатар, қосымшада «сұрақ-жауап» өрісі және кәсіпкер онлайн сұрақ қоя алатын чатта бар.

Ал бұның барлығы қосымшамен онлайн режим жүзеге асырылады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024