Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дабыл! Белгілі журналист ресейлік блогерлерге жүгіре берудің зиянын жазды

newsroom.kz

Дабыл! Белгілі журналист ресейлік блогерлерге жүгіре берудің зиянын жазды

Бишімбаев сотына ресейліктердің ақырындап араласа бастауы жақсы емес екенін айтты журналист Нұрмұхамед Байғариев өзінің Facebook парақшасына,-деп хабарлайды Newsroom.kz

"Собчактың деректі фильм түсірем деп келуі, Грейс деген блогерді жалдап әкелуі (меніңше), біздің бір ютюбердің саясаттанушы Шульманға хабарласып, сотқа қатысты пікірін сұрауы, енді Жорин деген адвокаттың ой қосуы - ресейліктердің ішкі іске ақырындап араласуы.

Бұл неге жақсы емес? Қазақстандықтардың басым бөлігі орыстілді, әлгі медиа персоналар келешекте түрлі мәселе бойынша біздің ішкі ісімізге осылай араласып, процестерге ықпал етуі бек мүмкін. Уақыт өте бұл үйреншікті іске айналуы ғажап емес.

Неге? Сол баяғы тіл факторы. Орыс тілінің кеңістігі. Бізде сол Собчактың контентін, Шульманның сұхбатын көретін, оқитын адам аз емес. 2014ж Украина Қырымнан айырылғанда елінің шығысындағы тұрғындар осы тіл факторы себепті өз билігін қолдамады деуге болады. Сондықтан өзгенің қайғысы бізге сабақ болғаны жөн. Жалпы, азаматтарымызда Бишімбаев ісі туралы түсінік қалыптасып бітті, ресейліктердің ой-пікірінсіз-ақ.

Пивоваров та Қазақстан жайлы 3 сағаттық деректі фильмін жариялады. Жартысын көрдім. Кремльдің линиясы байқалмайды. Бейтарап түсірген секілді. Бірақ фильм басынан “как живет наш сосед” деп сөз бастауы біртүрлі екен. Бізді танымайтындай Амазония не Океания аймағындағы алыс жатқан ел емеспіз. Іргесіндегі көршіміз. Бізді “тануға келгені” қызық. Белгілі журналист біз туралы фильм түсірді деп алақайлаудың да қажеті жоқ. Ол - қызметшінің санасы.

p.s. Кезінде “Эксклюзив” деген отандық журнал ресейлік Михаил Хазин деген экономистен жиі сұхбат алып, мұқабасына суретін талай басты. Ол кісі сөйтіп бізге таныла бастады. Жақында сол Хазин “Қазақстан Ресейге қарсы әрекет ете берсе, ел ретінде тарап кетеді” деп сұхбат беріпті. Өзгенің аузына қарай берудің осындай қауіптері де бар.

p.s.s өзіне сенімді, көзі ашық, комплексі, құлдық санасы жоқ ел мұндай сыртқы факторларға назар аудармайды,-деді ол.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 мамыр 2024