Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кәрім Мәсімовпен бірге жұмыс істеген дәрігер оның қай рудан екенін айтты

kaz.365info.kz

Кәрім Мәсімовпен бірге жұмыс істеген дәрігер оның қай рудан екенін айтты

Гигиенист-эпидемиолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Арай Төлемісова бұрынғы ҰҚК-нің басшысы Кәрім Мәсімов туралы тың деректі айтты. Бұл туралы ол дәрігер «Adal Adam» YouТube арнасына берген сұхбатында айтып берді. «Қажымқан Мәсімовті ұйғыр дейді, ол ұйғыр емес. Компьютеріндегі құжаттардың бірін оқып қалдым, ол кісі «найман» деп жазылып тұрды. Өз аузынан Талдықорғанның Ақсуынанмын, найманмын дегенін де естідім. Ақсуда мешіт салды. Сонда ас бергенде де болғанмын», – деді Арай Төлемісова. Еске салсақ, Кәрім Мәсімов 2022 жылы қаңтар оқиғасына қатысты мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға тырысқаны үшін айыпталған. Жуырда оның кешіріп сұрап, президентке өтініш бергені туралы отандық БАҚ-та ақпарат тарады. Кейіннен Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссиясы Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартқаны жөнінде мәлімет шыққан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024