Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресейлік UFC жұлдызы жарақатына байланысты жарты жыл кездесу өткізбейтін болды

kaz.vesti.kz

Ресейлік UFC жұлдызы жарақатына байланысты жарты жыл кездесу өткізбейтін болды

UFC ұйымында өнер көрсететін ресейлік спортшы Забит Магомедшариповтың бас бапкері Мансур Учакаев тәлімгерінің жарақатына байланысты тағы жарты жыл жекпе-жек өткізбейтінін айтты. "Қазір дайындалып, жекпе-жек өткізетін ешқандай ниет жоқ. Мұны мен Забиттің атынан айтып тұрмын. Қазір ол емделіп жатыр. Денсаулығында біраз қиындықтар бар. Соларды шешу керек. Иә, ол кем дегенде жарты жыл кездесу өткізбейді", - деді бапкер. Айта кетейік, Магомедшарипов соңғы рет 2019 жылдың қараша айында жекпе-жек өткізді. Мәскеуде өткен айқаста ол америкалық Келвин Каттармен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Ал жуырда ол ұзақ уақыт кездесу өткізбегеніне байланысты UFC рейтингінен шығарылды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 мамыр 2024