Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкент әкімдігі иттерді піштіруге 140 миллион теңге бөлді

alashainasy.kz

Шымкент әкімдігі иттерді піштіруге 140 миллион теңге бөлді

Бұдан былай Шымкентте қаңғыбас ит-мысықтарды бұрынғыдай көзін жоймайды. Оның орнына иесіз қалған жануарлар стерилизацияланады, вакцинацияланады, осыдан кейін айналасына қауіп тудырмайтынына көз жеткізілген соң босатылып жіберіледі. «Отырар» телеарнасының хабарлауынша, Шымкент қалалық әкімдігі осы мақсатқа 140 миллион теңге қаржы бөлген. Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарының айтуынша, мұндай мақсатқа қаржы биыл алғаш рет қаралып отыр. Енді жаңа заң бойынша қаңғыбас иттер стерилизацияланады, вакцинацияланады, арнайы чип салынып, осыдан соң босатылады. Қамауда тек айналасына қауіп төндіретіндері ғана қалады. Жыл басына бері Шымкентте ешқандай ит-мысықтың көзі жойылмаған. Жоғарыдағы 140 миллион теңгеден бөлек, Шымкент әкімдігі иесіз қалған жануларды арнайы жайларда ұстау үшін 120 миллион теңге қаржы бөліп отыр. Айта кетері, 2021 жылдың желтоқсанында елімізде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» деп аталатын заң қабылданған. Заңда қаңғыбас жануарлардың санын бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен стерилизациялау арқылы реттеу көзделген. Заңда стерилизациялау деген сөзге «жануарды хирургиялық, дәрі-дәрмекпен не өзге тәсілдермен ұрпақ өрбіту қабілетінен айыру» деген түсініктеме берілген. Бұл қазақтың «піштіру» деген сөзімен сәйкес келеді. Oinet.kz
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024