Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Миға қонымсыз": Әнші Yenlik Динара Сәтжанның өтірігін шығарды

alashainasy.kz

Миға қонымсыз: Әнші Yenlik Динара Сәтжанның өтірігін шығарды

Жастар арасында Yenlik деген лақап атпен танымал Еңлік Құрарбек гонорарына қатысты жалған ақпарат таратқан тележүргізуші Динара Сәтжанға жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.

Динара Сәтжан сұхбаттардың бірінде інісінің тойына бірқатар отандық әншілерді шақырмақ болғанын айтты. Олардың қатарында Мирас Жүгінісов пен Еңлік бар.

Қазіргі жас әншілердің өнері Динара Сәтжанды қаншалықты қуантса, жаңа толқынның гонорары соншалықты таңғалдырды.

“Былтыр інімнің тойына Мирас Жүгінісовты шақырғым келген. Гонорарының бағасы жеңілдікпен 3 жарым миллионға шықты. Қазір ол баға үш есеге дейін көтеріліп кеткен болар. Ал Еңліктің тойға шығуы 12 миллион теңге деп естідім”, – дейді Динара Сәтжан.

Ал Еңлік отандық тележүргізушінің бұл сөздерін жоққа шығарды.

“12 миллион емес. Ол кішкене өтірік айтып жіберіпті. Мүмкін, дұрыс естімеген шығар. Мүмкін, дұрыс айтпаған шығар. Ондай емес. Менің ойымша, ол мүмкін емес нәрсе. Мен Роза Рымбаева емеспін, әлемге әйгілі Димаш Құдайберген емеспін. Бұл баға - миға қонымсыз нәрсе. Сондықтан, ол дизинформация”, – деп жауап берді Yenlik.

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар