Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ІІМ Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыс туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

kaz.caravan.kz

ІІМ Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыс туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stopfake.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасында туындаған қақтығыс салдары деп сипатталған видео тарап жатыр. Видеода әскери киімдегі адамдар және әскери техника көрсетілген. Ал кадр сыртындағы дауыстың айтуынша, қақтығыс Қостанай облысында орын алған. Қазір онда әскери техника тартылып жатыр-мыс. ҚР ІІМ мәліметінше, мұның бәрі – жалған. «ҚР Ішкі істер министрлігі Қостанай облысындағы шекарада арандату болғаны туралы әлеуметтік желілерде таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын және жалған екендігін хабарлайды. Видеода биылғы 8 қыркүйекте Қостанай қаласы аумағында өткен жоспарлы далалық жаттығуға бара жатқан ҚР ІІМ Ұлттық ұлан автокөлігінің колоннасы көрсетілген. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар