Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Швейцарияға барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Швейцария конфедерациясына барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. - "Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Федералдық президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылмақ. Сапар бағдарламасы бойынша мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында сөз сөйлейді, БҰҰ-ның және басқа да бірқатар халықаралық ұйымның басшылығымен келіссөз жүргізеді, инвестициялық дөңгелек үстелге қатысады және еуропалық бизнес капитандарымен кездеседі деп жоспарланып отыр", - деп жазды Уәли.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
10 мамыр 2024
10 мамыр 2024
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар