Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Еуропа елдерімен ғылыми ынтымақтастық дамып келеді

baq.kz

 Еуропа елдерімен ғылыми ынтымақтастық дамып келеді

Бұл туралы ЕО Парламенттік ынтымақтастық комитетіндегі Еуропалық Парламент делегациясының бірінші вице-төрағасы, ЕП Көлік және туризм комитетінің 3-ші вице-төрағасы Андрис Америкс ҚазҰУ студенттерімен кездесу кезінде айтты. Кеше Еуропалық Парламент делегациясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы сапармен келіп, оқытушы-профессорлар құрамы және студенттерімен кездесті. Делегация құрамына «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетіндегі Еуропалық Парламент делегациясының төрағасы, Көлік және туризм комитетінің 3-ші вице-төрағасы Андрис Америкс (Латвия), елші, ҚР ЕО өкілдігінің басшысы Кестутис Янкаускас, ҚР-ЕО Парламенттік ынтымақтастық комитетіндегі Еуропалық Парламент делегациясының мүшесі, ЕП Сыртқы істер комитетінің мүшесі Франциско Миллан-Мон (Испания) және басқа да ұйым мүшелері кірді. ЕП Көлік және туризм комитетінің 3-ші вице-төрағасы Андрис Америкс жиын барысында Еуроодақ қағидаларын Қазақстанға жеткізу үшін келгендерін мәлімдеді. Біз әртүрлі елдерден келдік, бірақ бәріміз еуропалықпыз. Біз бірліктен әртүрлілікке дейінгі бірегей процестерді бірге өткізудеміз, ортақ бірегейлікке иеміз. Біз еуропалық ұлттардың терең тарихымен бөлісіп, Еуроодақ қағидаларын Қазақстанға жеткізу үшін келдік. Күрделі геосаяси ахуалға қарамастан, негізгі қиындықтарды еңсере алған елге барлық жақсылықты тілегіміз келді. Сіздердің елдеріңіз азаматтық қоғамда маңызды рөл атқаратын мәдениетаралық диалог пен адам құқықтарын қолдауға септігін тигізеді деп үміттенеміз, -деді Америкс. ҚР-ЕО Парламенттік ынтымақтастық комитетіндегі Еуропарламент делегациясының мүшесі Франциско Миллан-Мон жиналғандарға, әсіресе жастарға Еуропарламент қызметіне қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді. Ол өз сөзінде ҚР Президенті Қ.Тоқаев бастаған реформалардың дер кезінде қабылданғанына тоқтала келе, ҚазҰУ жетістіктерін жоғары бағалады. Сондай-ақ жүздесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан қатысып, Еуроодақ жұмысына көрсеткен қызығушылық үшін алғысын жеткізді. Кездесу барысында студент жастар сұрақтар қойып, делегация мүшелерінен тұшымды жауаптар алды. Қатысушылар өзара ықпалдастықтың перспективалық бағыттары туралы ой бөлісіп, ынтымақтастықтың маңызды мәселелері бойынша пікір алмасты.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024