Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астана зейнеткерлері шипажайға тегін демалысты телефон арқылы рәсімдей алады

inform.kz

Астана зейнеткерлері шипажайға тегін демалысты телефон арқылы рәсімдей алады

«Астана қаласы бойынша зейнет жасындағы және Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне шипажай-курорттық демалыс жолдамасын беру қарастырылған. Аталған көмек зейнеткерлер үшін 25 пайыз, ал тыл ардагерлері және ең аз зейнетақы алатындар үшін 18 пайыз көлемінде қарастырылған. Осы орайда биыл шипажай курортына тіркелу ұялы телефон арқылы жүргізіліп жатыр. Талапқа сәйкес зейнеткер курорт демалысына кемінде 1 ай бұрын жазылуы тиіс», - деді Мөлдір Шолатов елорда әкімдігі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, елорда бойынша 3 мыңнан астам зейнеткер санаторлық емдеумен қамтылған. «1 қазан - Қарттар күніне орай жыл сайын 7950 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Биыл статистикаға сәйкес елорда бойынша 91 671 зейнеткерге қолдау қарастырылған», - дейді ол. Бұған дейін хабарлағынымыздай, Астана қаласында 100 мыңнан астам зейнеткер тұрады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024