Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Асхат Шахаров бүгінгі күнгі су тасқынына қатысты облыстағы ахуалды хабарлады

newsroom.kz

Асхат Шахаров бүгінгі күнгі су тасқынына қатысты облыстағы ахуалды хабарлады

Ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бейнежазба жариялап, онда табиғаттың тілсіз апаттарына ешкім тосқауыл бола алмайтынын, синоптиктердің жауын-шашын болады деген болжамы жағдайды қиындатып жібергенін айтқан,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Тұрғындарға алғысын білдірген облыс әкімі аймақта материалдық шығынды есептейтін комиссия құрылғанын, зардап шеккен бірде-бір ақтөбелік назардан тыс қалмайтынын да жеткізген.

«Қазіргі уақытта аймақта су шайған жолдар, көпірлер мен өткелдер, су басқан үйлер мен аулалар бар. Кеше аудандарға барып келдім, бүгін қаланы аяқтай жүріп қарап шықтым. Материалдық шығынды құрылған комиссия анықтайтын болады. Тұрғындарымызға сабырлықтары үшін алғысымды білдіремін. Ешбір адам назардан тыс қалмайды», - деп атап өтті өңір басшысы.

Қазіргі уақытта қала және 12 ауданның әкімдері, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, әскери құрылымдар, полицейлер күндіз де, түнде де жұмыла жұмыс істеп жатыр, күшейтілген тәртіпке көшірілген. Олар атқарылған шаруаларды өз деңгейінде БАҚ және әлеуметтік желілерде жариялап отыр.

Су тасқынына қарсы штаб, Ахуалдық орталықтағы операторлар тәулік бойы ақтөбеліктердің қоңырауына жауап беріп отыр, тиісті көмек көрсетуде.

Асхат Шахаров осындай сын сағатта ақтөбеліктерді сабырлыққа шақырып, бір-біріне қолдау көрсетуге шақырды. Әрқашан халықпен бірге екенін тілге тиек етті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024