Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

4 ақпан – Қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік күрес күні

24.kz

4 ақпан – Қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік күрес күні

Қазақстандағы әрбір жүзінші адам обыр дертімен күресіп келеді.Елдегі 180 мың адам түрлі ісік ауруларына шалдыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».Дәрігерлер жыл сайын кесел белгілері бар 35 мың адамды тіркейді екен. Өкінішке қарай, ауруды жеңіп, құлан-таза айығып кететіндердің қарасы аз. Жыл сайын шамамен 15 мың адам жаман аурудың құрбаны болады. Ал мемлекеттен тегін ем-дом мен скрининг жүргізу үшін 40 млрд теңге бөлінеді. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 1800-ге тарта шығысқазақстандық, 1600-ден аса алматылық тұрғын ісік ауруына шалдыққан. Дерт дендеген өлкелердің бірі – Қарағанды облысы. Мұндағы халықтың 1200-ден астамы обырдан емделіп жатыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024