Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

inform.kz

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында осы аптаның аяғына дейін қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Казселезащита» мамандарының хабарлауынша, 17-23 ақпан аралығында ауа райының жылынуына байланысты облыстың таулы аймақтарда қар көшкіні жүруі мүмкін. Бүгінде қар қалыңдығы 1,5 метрге дейін жетеді. «Егер ауа температурасы күрт жылынып кетсе, көшкін қаупі арта түседі. Негізінен көшкін түс уақытында күн қатты ысыған кезде жүреді. Сондықтан тұрғындарға таулы жерлерге баруға тыйым салынған. Қар көшкінінің қаупін білдіретін белгілерден асып кетпеу керек», - делінген мәліметте.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 сәуір 2024