Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сарбаз 30 автомат, 27 пистолет алып, әскери бөлімнен қашып кеткен

nege.kz

Сарбаз 30 автомат, 27 пистолет алып, әскери бөлімнен қашып кеткен

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданы Бадам елдімекені жанындағы 10/216 әскери бөлімінен Абылай Балғынбай атты 1995 жылы туылған бір сержант қашып, өзімен бірге 30 автомат, 27 пистолет алып кеткен. Алматы. NEGE. Шымкент қаласы мен төңірегіндегі елдімекендерде жолдар жабылып, күшейтілген күзет режиміне көшкен. Оңтүстік Қазақстан облысында әскери дабыл қағылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қашқын аталған ауылдың тумасы болуы мүмкін. «Түнде қашты деп естідік. Көшеде милиция қаптап кетті. Көліктерді, жаяу жүргіншілерді түгел тексеріп жатыр. Үйлерді де тінтуде. Ватсап арқылы «террорлық қауіп бар» деген хабарламалар келіп жатыр», – дейді Бадам елдімекенінің тұрғыны Саида Жарқынбек.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024