Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Димаш қайтыс болған жанкүйеріне ән арнады

nege.kz

Димаш қайтыс болған жанкүйеріне ән арнады

Димаш Құдайберген ARNAU TOUR 2020 турнесінің аясында Татарстандағы "Татнефть Аренада" жеке концертін берді. Алматы. NEGE. Әндерінің бірін Димаш кішкентайынан онкологиялық аурумен күресіп келген Лейсан Сейітназароваға арнады. Қыз Димаштың жанкүйері болған. 2019 жылы Димаш қыздың ауруханасына барып, онымен кездескен еді. Себебі Лейсан қатты науқастанып, WorldSkills Kazan-ның жабылу салтанатына бара алмаған. Ол жұлдызды қонақтың осылай келетінін мүлдем білмеген. Лейсанның қуанышын ұйымдастырушылар айтып жеткізе алмаған еді. Лейсан Димашпен кездескеннен кейін 4 ай өткенде 21 жасында қайтыс болды. Ол қыздың арманын орындады. Әнші концертте оның есімін атап, «қарындасым» деген еді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024