Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Кентау» индустриалды аймағында 7 жоба іске қосылады

kz.otyrar.kz

«Кентау» индустриалды аймағында 7 жоба іске қосылады

Жоспар жүзеге асқанда 150-ден астам жаңа жұмыс орны пайда болады. Қазіргі таңда онда құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба жұмыс істеп келеді. Журналистер бас сұққан бірінші нысан — «Электропривод» ЖШС-і. Тоқ және кернеу ажыратқыштары мен трансформаторлар жабдықтарын шығарумен айналысатын кәсіпорын 2015 жылы іске қосылған. Жобаның құны 842 млн. теңге. Мекемеде 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріске қажетті шикізаттар Қытай елінен алынып, дайын өнім Қазақстанның барлық өңірлеріне таралуда. Индустриалды аймақта орналасқан «Электродеталь» ЖШС-да трансформаторларға арналған металл конструкцияларын шығарумен айналысып келеді. Мекеме 2016 жылы құрылған. Жобаның жалпы құны 867 млн. теңге.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024