Қазақстанда вирус жұқтырғандар 4700 адамнан асты

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 8 мамыр 12.30-дағы мәліметі бойынша, елде тағы 63 адамнан коронавирус табылды. Олардың 45-і Нұр-Сұлтан қаласында. Атырау облысында жеті, Қарағанды облысында алты, Шымкент қаласында екі, Алматы қаласында, Алматы облысында, Жамбыл облысында бір-бір адамға вирус жұққан.Осылайша, елде 4753 адамнан (жұмада 175 адам қосылды) коронавирус анықталды. 1518 адам дерттен айықты. 31 адам қайтыс болды.Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, наурыздан бері елді 370 мыңнан астам тест алынған. Билік мамырдың соңына таман күніне 25 мың анализ алуды жоспарлайды.Қазақстанда коронавирусқа байланысты 11 мамырға дейін төтенше жағдай және карантин жарияланған.
- Соңғы
- Танымал
- Қыркүйек, 15
-
- Қыркүйек, 12
-
- Қыркүйек, 08
-
-
- Қыркүйек, 05
-
-
- Қыркүйек, 04
-
- Қыркүйек, 03
-
-
- Қыркүйек, 02
-
-
-
- Қыркүйек, 01
-
- Тамыз, 31
-
- Тамыз, 29
-
- Тамыз, 28
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
16 қыркүйек 2025
16 қыркүйек 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар