Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Танымал журналист Бейсен Құранбек өмірден озды

baq.kz

Танымал журналист Бейсен Құранбек өмірден озды

Белгілі тележүргізуші соңғы бір жыл көлемінде денсаулығы сыр беріп ауырып жүргенін әріптестері айтқан еді. Бүгін осындай суыт хабар тарады. Әріптесіміздің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Бейсен Құранбек - 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын республикалық "Спорт" газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған. "Рахат", "31 арна", "Хабар" арналарында, президент телерадиокешенінде қызмет атқарған. Ұлттық арнадағы "Айтуға оңай", "Қарекет" бағдарламаларының жүргізушісі болған. Соңғы жылдары "Жетісу" телеарнасының директоры қызметін атқарды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024