Кобрамен бірге өнер көрсеткен филиппиндік ажал құшты
Daily Mail таратқан ақпаратқа қарағанда, ол бұған дейін жұрттың бәріне «бойымда жыланның уына қарсы иммунитетім бар» деп айтып келген. Бернардо Альварес бір улы кобраны ұстап алып, қолға үйреткен. Сөзі құрғақ болмас үшін, жұртты жинап, кобраны ерніне жақындатып, сүйісіп жатқандай түр көрсетеді. Сол сәтте жылан шалт қимыл жасап, тілін шағып алыпты. Бернардо шыңғырып, жерге серейіп құлаған. Жедел жәрдем мен полиция жеткенде денесінің жансызданып, жүрегінің тоқтап қалғаны анықталды. Оқиға куәгерлері ашуға булығып, шаққан кобраны өлтірген. Филиппин кобрасы — әлемдегі ең улы жыландардың бірі. Уы құрбанының тыныс жолдарын бірден бітеп тастайды.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
16 қыркүйек 2026
16 қыркүйек 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар