Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Это – моя страна»: Газманов шерудегі әнінде Қазақстанды да қосып айтты (ВИДЕО)

turkystan.kz

«Это – моя страна»: Газманов шерудегі әнінде Қазақстанды да қосып айтты (ВИДЕО)

Мәскеуде Қырым мен Ресейдің қосылғанына 8 жыл деген тақырыпта шеру-концерті өтті. Бірақ ұйымдастырылған шарада ресей әншісінің айтқан әні қазақ белсенділерінің алаңдаушылығын тудырды деп хабарлады turkystan.kz. Олег Газмановтың «Это – моя страна» деген әнінен үзіндіні қоғам қайраткері Мұрат Әбенов орынсыз айтылғанын жеткізді. ««Казахстан наш» дей ме? Мәскеуде Қырымның Ресеймен қосылғанына 8 жыл толуына орай шеру-концерті өтті. Дәл осы шара арқылы үлкен аудиторияға Ресейдің басты мақсатын сіңіру көзделгені көрінеді. Әрине, бұған қарап қазіргі көліктеріне саяси белгі жабыстырғандардың да қайда қарап ой түзейтінін айқын аңғарамыз. Әннің қай кезде, қалай жазылғаны маңызды емес. Маңыздысы дәл қазіргідей екі ел арасындағы шиеленістің ушыққан уақытында қолданылуы ғой. Тіпті осы Газмановтың Ресей жеңісінен кейін Киев төрінде шығармашылық жеке концертін береді деген мемдер де тарап жатыр», — дейді Мұрат Әбенов. 
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар