БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ
10 шілде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде бекітілген.Мерекеге орай балық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлері алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен марапатталды. 2021-2030 жылдарға арналған балық шарушалығы бағдарламасы бекітілді.Облыс бойынша 2021 жылы 600 тонна балық өсірілді, 2030 жылға 700 тонна өңдіру жоспарда тұр.Бүгінгі таңда кәсіптік су қоймаларының 53-і ауыстырылған,19-дан астам су қоймасы бекітілген. ИЛЬДАР ХАКИМОВ, ҚР « ЕСІЛ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫ" РММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: - Бүгін біз балық шаруашылығы субъектілерін мерекеге орай алғыс хаттармен марапаттадық.Қаулыға сәйкес 2021-2030 жылдарға арналған балық шарушалығы бағдарламасы бекітілгенін атап өткен жөн. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 76 қаулысына сәйкес жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің тізбесіне 501 балық шаруашылығы су айдыны енгізілді. «ВОДОЛЕЙ-2017» ЖШС- гі 2015 жылдан бері балық шаруашылығымен айналысып келеді. 2017 жылы жалпы ауданы 6000 мың гектар 8 су қоймасы жалға алу құқығына ие болған.Жыл сайын 29 миллион теңгеге 16 миллионға жуық дернәсіл сатып алынған.Водолей ЖШС-гінің бас директорының сөзінше қазірге уақытта150 тоннаға жуық тауарлы балық аулау жоспарланып отыр. АЗАМАТ САМРАТОВ, « ВОДОЛЕЙ -2017" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ: - Балық шаруашылығымен 2015 жылдан бері айналысамын.Балық өсірудің толық циклы қамтамасыз етілген. Біздің еңбегімізді жоғары бағалап алғыс хаттармен марапаттағандары үшін алғысымды білдіремін.Болашақта өзіміздің шағын тәлімбақ құруды жоспарлап отырмын. "ПЕТРОФОРЕЛЬ" РХ ҒӨО " ЖШС-гі шортан, сазан балықтарын өсірумен айналысады.Соңғы 2 жылда аралас өсіру, отырғызу материалдары бойынша жаңа технологияларды енгізген.Уылдырықты өндіру, екі ай уақыт ішінде жүзеге асады табиғи жағдайына байланысты уақытынан бұрын алынады. Александр Ухов, «Петрофорель» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ: – Балықты көбейту жұмысымен 9 жыл бойы айналысып келеміз.Қазіргі таңда Сазан,шортан балықтарын көбейту жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда,алдағы уақытта балықтың басқа түрлерін көбейту жұмыстары жүрзілмек. 2021-2022 жылдардың нәтижелері бойынша 12 конкурс өткізілген, көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығы мақсатында балық шаруашылығын жүргізуге 45 су айдыны бекітілді.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
20 шілде 2026
20 шілде 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар