Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Т.Рысқұлов ауданында ауқымды сенбілік өтті

zhambylnews.kz

Т.Рысқұлов ауданында ауқымды сенбілік өтті

Тазалық — тәртіптің тірегі, денсаулық кепілі және дамудың тетігі. Өткен сенбі күні осы мақсатта Т.Рысқұлов ауданында жаңа оқу жылының алдында тазалық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның басты мақсаты — аудан аумағындағы көрнекі орындар мен табиғи аумақтарды тазарту, тазалығын сақтау болып табылады. Өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке шақыратын тәрбиелік мәні зор шараға ауданның зиялы қауым өкілдері мен жастары, мекеме қызметкерлері қоршаған ортаның тазалығына сақтауға бағытталған шараға бірауыздан атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке 15 ауылдық округтің тұрғындары да жаппай қатысып, елдімекендердегі қураған тал бұтақтары кесіліп, арық-атыздар мен ауыл көшелері қоқыстардан тазартылды. Сенбілік — тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар