Димаш Құдайберген Головкин мен Канелоның жекпе-жегінде Қазақстан әнұранын орындайды

Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 18 қыркүйек күні сағат таңғы 05.00-де басталады. Димаш Құдайберген Лас-Вегас қаласында Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі алдында Қазақстанның мемлекеттік әнұранын орындайды. – Еліміздің мақтаныштары бір алаңда бірге өнер көрсетпек! Сіздермен бөлісер жақсы жаңалығымыз бар. Еліміздің біртуар спортшысы Генадий Головкиннің арнайы шақыртуымен 17 қыркүйек күні Лас Вегас қаласында өтетін GGG — Canelo үшінші жекпе-жек алдында, Димаш Құдайберген Мемлекеттік әнұранымызды орындап батырымызға қолдау көрсетуі жоспарлануда, – деп жазылған dimash.news сайтының Instagram-дағы парақшасында. Бұл кездесу Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 18 қыркүйек күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында (Невада штаты) боалды. Жекпе-жекке IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес шығады. Трилогияны «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирден көрсетеді. Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 18 қыркүйек күні сағат таңғы 05.00-де басталады. Боксшылар кездесуде екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
- Маусым, 24
-
- Маусым, 23
-
-
-
-
- Маусым, 21
-
- Маусым, 20
-
-
- Маусым, 19
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
2 шілде 2025
2 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар