"Қызымның күйеуі башқұрт": Ресейдегі орыстанған қазақтар қалай өмір сүріп жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Октябрьская искра газетіне сілтеме жасап хабарлайды. Сатыбалды Аймұхаметұлы мен Күнжамал Жаңайбайқызының отау құрғандарына 61 жыл болған. Олардың бір-біріне деген сыйластықтары өте жақсы болып, махаббатпен өмір кешкен. Сатыбалды ата Күнжамал апаны "Жұлдызым" деп еркелетеді. Қариялар жас күндерінде ата-аналарының таныстыруымен үйленген. Қазақы салт-дәстүрді ұстанып, құда түсіп алғын. Олардың үш баласы бар. Әскерге шақырту алған Сатыбалдының құжаттарында кемшіліктер болып, тек 23 жасында әскери борышын өтейді. Жас отбасы үш жылға жуық бір-бірінен жырақта болып, кейіннен әскерден оралған соң, аяққа тұрады. Сатыбалды - механизатор, Күнжамал - сауыншы болып жұмыс істейді. 65 жылы үлкен ұлы Ербай, 69 жылы Ерболат, 75 жылы Анна есімді қыздары дүниеге келеді. - Ұлдарымның әйелдері қазақ. Біз, мәжбүрлеген жоқпыз, өздерінің таңдаулары. Ал, қызымның күйеуі - башқұрт. Әйелім екеуміз қазақша білеміз. Арасында қазақша да сөйлесеміз. Бірақ, көбінде орыс тілінде сөйлесеміз. Балаларымыз қазақ тілін мүлдем білмейді. Салт-дәстүрді барынша ұстануға тырысамыз. Наурыз мерекесін тойлаймыз.Ал жалпы біз қазақтардың да, орыстардың да мерекелерін атап өтеміз. Біз осында туып, өмір бойы Ресейде өмір сүріп келеміз",- деді Сатыбалды ақсақал.
- Соңғы
- Танымал
- Қыркүйек, 17
-
- Қыркүйек, 16
-
- Қыркүйек, 15
-
- Қыркүйек, 12
-
- Қыркүйек, 08
-
-
- Қыркүйек, 05
-
-
- Қыркүйек, 04
-
- Қыркүйек, 03
-
-
- Қыркүйек, 02
-
-
-
- Қыркүйек, 01
-
- Тамыз, 31
-
- Тамыз, 29
-
- Тамыз, 28
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
18 қыркүйек 2025
18 қыркүйек 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар