Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда үш өзеннің арнасы қайта қалпына келтіріліп жатыр

inform.kz

Алматыда үш өзеннің арнасы қайта қалпына келтіріліп жатыр

Министр келтірген мәліметке сәйкес, Алматы тау бөктерінде барлығы 50-ден астам мұздық көл бар. Қала халқын селден қорғау үшін Ақсай және Аюсай шатқалдарында селді тоқтататын бөгеттер салынып жатыр. Оның айтуынша, былтыр Үлкен және Кіші Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендерінің бассейндерінде 31 сел қаупін автоматтандырылған мониторингілеу станциясы орнатылды, бұл қауіпті учаскелерді нақты уақыт режимінде қашықтан бақылауға мүмкіндік береді. «Су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын іске асыру шеңберінде 2023 жылға дейін Кіші Алматы, Тіксай, Есентай өзендерінің арнасын қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталады, Жарбұлақ өзені бойынша жұмыстар жалғасуда. Әкімдік қаланың әр жеріндегі арық желісін реконструкциялау жұмыстарын жүргізуде. Бұл тұрғын үйлерді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Юрий Ильин Алматы халқымен кездесу барысында. Сонымен қатар, ол сел және сырғыма жағдайын бағалау үшін Қазселқорғау бөлімшелері алдын алу іс-шараларын жүргізетінін тілге тиек етті. «Атап айтқанда, жыл бойы бақылау жүргізіледі, маусымдық бекеттер қойылады, жерүсті және аэровизуалды тексерулер, сондай-ақ көшкін учаскелерін нығайту және серпінді қауіпті көлдерді босату бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қабылданып жатқан шаралар көшкін қаупі бар учаскелердің санын 80-нен 68-ге дейін азайтуға мүмкіндік берді, олардың 7-еуі Іле-Алатау паркінің аумағында орналасқан», - деді ол.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар