Қазақ қаламгері "Моңғол халық жазушысы" атанды
 
            Моңғолияда тұратын қандасымыз белгілі жазушы Сұлтан Тәукейұлы «Моңғол халық жазушысы» атағын алды деп хабарлады turkystan.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап. «60 жылдан астам ел үшін, туған жер үшін қызмет ете жүріп, ондаған повесть, роман, драма, сценарийлер жазып, қазақ әдебиетін халықаралық деңгейде танытуға талантын арнаған, «Моңғол құпия шежіресі», «Ежелгі Моңғол патшаларының ұлттық Ұлы Сары кітабы» қатарлы Моңғол тарихының негізгі көздерін, «Моңғол халық мақалдары», «Моңғолия Конституциясы» қатарлы еңбектерді қазақ тіліне аударып, қазақ халқының қолына берді. «Құран», «Ислам туралы негізгі мәліметтер», Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» сияқты шығармаларды моңғол тіліне аударып, халық ағарту ісіне қосқан зор үлесін ескеріп, Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Ұлы құрылдың бұрынғы мүшесі, Халықаралық экономика институтының кеңесші оқытушысы Сұлтан Тәукейұлына «Моңғол халық жазушысы» атағы берілді – деп хабарлады Моңғолия президенті іс басқармасы.
- Соңғы
- Танымал
- Қазан, 30
- 
                    
- Қазан, 29
- 
                    
- Қазан, 22
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 21
- 
                    
- Қазан, 20
- 
                    
- Қазан, 16
- 
                    
- Қазан, 15
- 
                    
- Қазан, 14
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 13
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 08
- 
                    
- Қазан, 02
- 
                    
- Қазан, 01
- 
                    
- 
                    
- Қыркүйек, 30
- 
                    
- 
                    
                  
                    Басқа жаңалықтар                  
                
                          Күнделікті жаңалықтар
                Бүгін,
31 қазан 2025
              31 қазан 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
          
            Басқа жаңалықтар          
        
           
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                    