Кәсіпкерлерді тексеруге мораторий мерзімі 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге салынған мораторий мерзімі 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды. Президент тиісті жарлыққа өзгерту енгізді. "Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын", – деп жазылған жарлықта. Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнестің дамуына заңсыз кедергі келтіретіндердің бәрі заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылатынын айтқан еді. Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы: Кәсіпкерлер себепсіз тексерулерді біржолата ұмытуы қажет Айта кетейік, президенттің 2019 жылғы жарлығына сәйкес, аталмыш мораторий 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін жарияланған болатын.
- Соңғы
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
- Қараша, 24
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
29 желтоқсан 2025
29 желтоқсан 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар